Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2026 жылғы 8 қазандағы
№ 355 бұйрығына 8 - қосымша
«Кадастр»
кәсіптік стандарты
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Кадастр» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген.
Кәсіптік стандарт белгілі бір кәсіптік қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті жұмыскерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды, оның ішінде тиісті еңбек функцияларын орындау талаптарын айқындауға, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолдануға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) мемлекеттік жер кадастры - жер учаскелерінің табиғи және шаруашылық жай-күйі, орналасқан жері, нысаналы мақсаты, мөлшері мен шекаралары, жердің сапалық сипаттамасы, жер пайдалануды есепке алу және жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мәліметтерді қамтитын жер туралы мәліметтер жүйесі;
2) жер учаскесінің кадастрлық нөмірі - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін жер учаскесінің жеке сәйкестендіру нөмірі;
3) жерді рекультивациялау - бүлінген жерлерді қалпына келтіруге және олардың сапалық жай-күйін жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, инженерлік, агротехникалық және өзге де іс-шаралар кешені;
4) біліктілік - жұмыскердің белгілі бір күрделілік деңгейіндегі еңбек функцияларын сапалы орындауға даярлық дәрежесі;
5) біліктілік деңгейі - еңбек функцияларын орындау кезінде жұмыскердің біліміне, дағдыларына, машықтарына, дербестік деңгейі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптардың жиынтығы;
6) еңбек функциясы - белгілі бір жұмыс түрін орындауға және кәсіптік қызмет міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты еңбек әрекеттерінің жиынтығы;