«Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 79 бұйрығы

«Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 79 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Туристік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 80 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10590 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген туристік қызметтерді көрсету қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2.Осы Қағидаларда келесі түсінік қолданылады:

1) келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхаты;

2) туристік агент (бұдан әрі - турагент) - турагенттік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

3) туристік агенттік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың қосымша көрсетілетін қызметтерді қосу құқығынсыз туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде Қазақстан Республикасының туристік операторы қалыптастырған туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі, сондай-ақ туристерге туристік өнім болып табылмайтын қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;

4) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;

5) туристік код - шығу туризмі саласындағы туроператор туриске беретін, ұйымдастырылған шығу туризмі шеңберінде туроператордың міндеттемелеріне кепілдік беретін бірегей нөмір;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.