«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық- өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскурантын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 516 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық- өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскурантын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 516 бұйрығы

 

«Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын көрсететін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің телнұсқасын және жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жеделдетіп дайындау және беру жөніндегі қызметтерге бағалар прейскуранты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.