«Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығы

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығы

 

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысы 15-тармағының 312-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдер тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы

 

 

А. Альназарова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Көлік министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.