«Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 544 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерін, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 328 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдерінде, қазынашылық есепке алу және мониторинг рәсімдерінде:
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотына (егер жобаларды іске асыру аяқталмаған жағдайларда);
Арнаулы мемлекеттік қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;»;
мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) Инфрақұрылымдық даму қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
республикалық бюджеттің кірісіне;»;
мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:
«25) тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шотында:
Инфрақұрылымдық даму қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органы құқықтық мирасқордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;»;
мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
«26) Инфрақұрылымдық даму қорының қаражаты есебінен квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотында: