«Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022 жылғы 26 шілдедегi № 205 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды (бұдан әрі - кадрлар) даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін айқындайды.»;
9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Дене шынықтыру және спорт саласында кадрларды даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.