Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 111/4 Қаулысы
(2017.31.03. берілген өзгерістермен)
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 282/5 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
1) «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
2) «Жобалау қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
3) «Іздестіру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;
4) «Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті;