(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СОТТАЛҒАНДАРДЫ ЖАЗАСЫН ӨТЕУ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ Ж...

Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығы

 

Осы редакция 2018 жылғы 15 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазакстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

4. Осы бұйрық жариялануға жатады және қолданысқа 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы 22 тамыздағы

№ 551 бұйрығымен

бекітілді

 

 

Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу

 қағидалары

 

Жалпы ережелер

 

1. Осы сотталғандарды жазасын отеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әр - ҚАЖ) мекемелеріне жіберу қағидалары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 90-бабының талаптарына сәйкес сотталғандарды ҚАЖ мекемелеріне (бұдан әрі - мекемелер) жазасын өтеу үшін жіберу тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.