«Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 362 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
5-тармақ алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында ағымдағы жылы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі - есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандарға бойынша (Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес растайтын материалдарды қоса бере отырып):
базасында облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және олардың базасында облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне) ұсынылады.»;
6-1-тармақ алып тасталсын;