Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешімі
(2018.02.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 11 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы