«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 30 қарашадағы № 694 бұйрығы (күші жойылды)

«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 30 қарашадағы № 694 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

мынадай мазмұндағы 174-1-тармақпен толықтырылсын:

«174-1. Әдіснаманы әзірлей және Қазақстан Республикасының заңнамасына бейімдей отырып, Blockchain технологиясын пайдаланып, қосылған құн салығына салықты әкімшілендіру бойынша талдамалық зерттеулер қызметтерін сатып алғаны үшін аванстық (алдын ала) төлемге шарттың сомасынан 100 пайыз мөлшерде жол беріледі.»;

371-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде аванстық төлемді қоспағанда, шот-фактураның немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың (акт) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелерін ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.