ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы
Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 27 тамыз
№ 390
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 27 тамыздағы
№ 390 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1-тарау. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту саласындағы ағымдағы ахуалды талдау
2-тарау. Халықаралық тәжірибеге шолу
3-тарау. Азаматтық қоғам саласын дамыту пайымы
4-тарау. Тұжырымдамадан күтілетін нәтижелер
5-тарау. Тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері
Тұжырымдаманы іске асыру көзделетін
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) қазіргі Қазақстандағы азаматтық өзін-өзі ұйымдастыру және азаматтық қоғамды дамыту процестерін білдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам мен билік органдарының өзара іс-қимылы саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды.