«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 наурыздағы № 288 бұйрығы

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесін және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 20 наурыздағы № 288 бұйрығы

 

«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі;

2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі орынбасарының

міндетін атқарушы - Қаржы министрінің

міндетін атқарушы

2023 жылғы 20 наурыздағы

№ 288 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының

 тізбесі

 

1. Жедел байланыстың техникалық құралдары (радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасы).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.