Осы редакция 2016 жылғы 8 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 304 бұйрығына
5-қосымша
«Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Аталған «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығымен бекітілген «Тауар шығарылған жердің атауына куәлік беру» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде көрсетіледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11407 болып тіркелген).
2. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - қағаз жеткізгіште берілген, Тауар шығарылған жердің атауы таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген тауар шығарылған жердің атауына куәлік не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.