«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 332 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33364 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты - АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру:
тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап);
етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
етті бағыттағы мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын;
ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде жүн мен теріні терең өңдеу кәсіпорындарын;
қуаттылығы жылына 25 тоннадан бастап тауарлық балық болатын балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық өсіру шаруашылықтарын;
өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1 тоннадан басталатын балықты аршып, тазалайтын, одан әрі тереңдете өңдейтін және сақтайтын балық өңдеу кәсіпорындарын;
осы Қағидалар шеңберіндегі АӨК саласындағы жобалар бойынша буып-түю материалдарын өндіру кәсіпорындарын;
құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі)
қой фермаларын (5000 бастан бастап);»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: