Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 283 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 187 Қаулысымен 2019 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру қағидалары бекітілсін.
2. «Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 157 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.