Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2023 ж. 23 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабының 2-тармағына, 162-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдері бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, жеке сот орындаушылар жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органдарына;
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің директорына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.