«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 371 бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 371 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2023 жылғы 19 қазандағы

№ 371 бұйрығына

қосымша

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.