Бурабай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № а-3/118 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген, Ішкі сауда қағидасының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бурабай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бурабай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Бурабай ауданының әкімі | А. Муздыбаев |
Бурабай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 4 сәуірдегі
№ а-3/118 қаулысына
қосымша
Бурабай ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
| № | Стационарлық емес сауда обьектісінің орналасқан орны | Алып жатқан ауданы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Қызмет саласы | Жақын орналасқан инфраструктура (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
| 1 | Щучинск қаласы, Едомский-Абылай хан көшелерінің қиылысы, Абылай хан көшесі, 48 бойынша орналасқан, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы - Орталық өңірлік телекоммуникация дирекциясының автотұрағының аумағы | 3 шаршы метр | 2 жыл | Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар | жоқ |