«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 30 бұйрығы (күші жойылды)

 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 30 бұйрығы

 

ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:

1) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін (бұдан әрі - куәлік) берген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;

2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:

газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде - 5 (бес) жұмыс күні;

егер газ желісі ұйымының екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде - 5 (бес) жұмыс күні;

газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу - 15 (он бес) жұмыс күні;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.