Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ-32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығы
(2019.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019.29.04. № ҚР ДСМ-56 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.30.04. № 33 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мына:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді көрсету сапасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес стационарлық, стационарды алмастыратын көмек көрсететін субъектілерге (объектілерге) қатысты медициналық қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек) көрсететін субъектілерге (объектілерге) қатысты медициналық қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес босандыру субъектілеріне (объектілеріне) қатысты медициналық қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес кардиологиялық, кардиохирургиялық субъектілерге (объектілерге) қатысты медициналық қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы;