«Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 468 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 468 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушының 2025 жылғы 27 мамырдағы № 622 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу және оларды өткізуден түскен ақшаны пайдалану қағидаларында:

17-тармақта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығысын өтеу нормалары шегінде зерттеуге, тағылымдама, курс өткізуге, жұмыс пен көрсетілетін қызметке, көрмеге, семинарға, ғылыми конференцияға, қашықтан өткізілетін кеңеске қатысуға, ұшуды орындауға, оның ішінде халықаралыққа қатысуға, сондай-ақ Қазақстан мен шет мемлекеттердің бірлескен жұмысына байланысты ел ішіндегі және одан тыс жердегі іссапар шығысына;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8) барлық салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын қоса алғанда, кіріс жоспарын орындау кезінде табыстың 30 %-на дейінгі мөлшерде қосымша ақы, үстемеақы, сыйлықақы және ынталандыру сипатындағы төлемді белгілеуге;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.