«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 242-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

«1) игеруге жататын жер учаскелерінде жоспардан тыс (алдын алу) археологиялық жұмыстарды жүргізу нəтижесі бойынша алынған, тарихи-мəдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатердің болуын немесе болмауын негіздейтін материалдар;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тарихи-мəдени сараптаманы тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке немесе археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиясы жəне Қазақстан Республикасының ғылым жəне технологиялық саясат туралы заңнамасына сəйкес ғылыми жəне (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куəлігі бар жеке жəне заңды тұлғалар жүргізеді.».

6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру жəне баланың құқықтарын қорғау мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 7-тармағында:

5) тармақшаның оныншы абзацындағы «21) жəне 23) тармақшалардағы» деген сөздер «21) тармақшадағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

27) тармақшада:

екінші абзацтағы «Балаларға» деген сөз «Кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынуды қамтымайтын, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші абзацтағы «Балаларға» деген сөз «Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші абзацтағы «Балаларға» деген сөз «Кəмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызмет терін ұсынуды қамтымайтын, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

бесінші абзацтағы «Балаларға» деген сөз «Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

сегізінші абзацта: «Балаларға» деген сөз «Кəмелетке толмағандарға арналған білім беру-сауықтыру бағдарламасын қоспағанда, балаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«балаларға арналған қосымша білім беру бойынша» деген сөздер алып тасталсын.

2-бап. 1. Осы Заң:

1) 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын, 6) тармақшасының оныншы абзацын, 4-тармағының 1) тармақшасын;

2) 2026 жылғы 1 сəуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші жəне тоғызыншы абзацтарын, 4-тармағының 2) тармақшасының алтыншы абзацын, 3) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жəне (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке арналған лицензиялар негізінде тарихи-мəдени мұра объектілерін қорғау жəне пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке жəне заңды тұлғалар 2027 жылғы 1 шілдеге дейін өз қызметін осы Заңның талаптарына сəйкес келтіруге тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 26 желтоқсан

№ 242-VIIІ ҚРЗ