«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 25-03/206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 25-03/206 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 мамырдағы № 7685 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде:
143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: