«Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығы (2026.14.06. берілген өзгерістермен)

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 106 бұйрығы

(2026.14.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 62 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

БҰЙЫРАМЫН:

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 99-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 186-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты қолдаудың қаржылық және мүліктік мемлекеттік шараларының тиімділігін талдауды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.