Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 432 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2026.01.07. № 450 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы министрінің 2026.01.07. № 450 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрінің 2026.01.07. № 450 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Әкімшінің оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимылды электрондық тәсілмен жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Оңалту және банкроттық рәсімдерінде уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсіл арқылы қатысу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 208 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9482 тіркелген, 2014 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);