(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ ӘУ...

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406 бұйрығы

(2021.15.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Қорғаныс министрінің 2019.17.05. № 347 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қорғаныс министрінің 2019.17.05. № 347 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне әуе көлігімен мемлекет есебінен жол жүру құқығын беру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

ҚР Қорғаныс министрінің 2019.17.05. № 347 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.