«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 497 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 691 бұйрығы
«БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 тіркелген бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 14002 тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржыландыру лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Тасымалдаушымен немесе оператормен субсидиялау шартын жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) осы Қағиданың 21-тармағында көзделген басымдықтың сәйкес келмеуі;