«Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 127 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 528 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, № 14, 2005 жылғы мамыр, 56-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери полиция органдарына қызметке алғашқы рет қабылданатын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту тәртібі Ережелерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Әскери полиция органдарына алғашқы қызметке тұратын адамдардың сынақ мерзімінен және тағылымдамадан өту қағидалары»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: