«Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1083 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының аумағында жалпы алаңы 197176,1 гектар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Оңтүстік Алтай» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы құрылсын.