Қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпарат жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 67 Қаулысы
(2025.09.09. берілген өзгерістермен)
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-5-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығы пайдаланатын ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпарат жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Киберқауіпсіздік басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.