«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсыры шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 829 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі ғылыми зерттеулер (бұдан әрі - ғылыми зерттеулер) - мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қару-жарақтың, әскери техниканың, техникалық және арнайы құралдардың жаңа үлгілерін жасау, жарақтандыруда тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерін жаңғырту саласындағы қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулер, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар;»;
2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: