«Фармакологиялық немесе дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-248/2020 бұйрығына 1-2-қосымша)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.21.01. № 5 бұйрығымен 1-2-қосымшамен толықтырылды (2026 ж. 6 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 11 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-248/2020 бұйрығына

1-2-қосымша

 

 

«Фармакологиялық немесе дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету

қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы қағидалар

 

1. Осы «Фармакологиялық немесе дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Фармакологиялық немесе дәрілік затқа, медициналық бұйымға интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

2. Интервенциялық клиникалық зерттеу жүргізуге рұқсатты уәкілетті орган мынадай жағдайларда береді:

1) бір мезгілде бірнеше дәрілік заттарды (мемлекеттік тіркеуі жоқ және (немесе) бар) пайдаланудың клиникалық зерттеулерін қоса алғанда, бірінші, екінші, үшінші және төртінші фазадағы дәрілік заттардың интервенциялық клиникалық зерттеулері;

2) қайта өндірілген дәрілік заттардың баламалығын бағалау;

3) егер мәлімделетін медициналық бұйымның клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі басқа тәсілмен дәлелденгені арнайы дәлелденбесе, имплантталатын медициналық бұйымдарды, сондай-ақ 3 және 2 Б қолданудың ықтимал тәуекел класын клиникалық зерттеу;

4) бұрын зерттелмеген медициналық бұйымдарды клиникалық зерттеу, функционалдық сипаттамалары, қолданылу принципі, мақсаты, медициналық қолдануға көрсетілімдері немесе медициналық қолдану ерекшеліктері;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.