«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 8 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2026 жылғы 7 шілдедегі № 8 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларында:

12-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының және құқықтық актілерінің өзгерістері;»;

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) Жалпыұлттық басымдықтарды, Саланы/аяны дамыту тұжырымдамасын, Ұлттық жобаларды, Мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары;».

2. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының және оның аумақтық бөлімшелерінің арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 3 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.