Кәсіпорындар статистикасы мен конъюнктуралық зерттеулер бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 8 бұйрығы
(2021.24.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021.24.09. № 21 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағының 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Жаңа кәсіпорындарға сауал салу» (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жаңа кәсіпорындарға сауал салу» (индексі 1-НП, кезеңділігі біржолғы) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Экономикалық қызмет түрлері туралы есеп» (индексі 1-СР, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметін конъюнктуралық зерттеу сауалнамасы» (индексі КП-001, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;