«Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 868 бұйрығы (2023.15.07. берілген өзгерістермен)

Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 868 бұйрығы

(2023.15.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.27.06. № 470 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 180-бабына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптары бекітілсін.

2. «Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптарын бекіту туралы» 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 1007 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9073 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.