«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 72 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35924 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.