«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 725 бұйрығы

«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 725 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттарды ұсынбау;

2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтердің толық болмауы;

3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.