«Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 811 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10848 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техногендік минералдық түзілімдердің мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік кадастр осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының техногендік минералдық түзілімдерін мемлекеттік кадастрмен есепке алу паспорттары (бұдан әрі - Паспорт) түрінде ресімделетін, жүйеленген, кезеңділігімен толықтырылатын және нақтыланатын біріздендірілген қысқаша мәліметтердің жиынтығын білдіреді.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Егер меншік құқығы ұйымға (жер қойнауын пайдаланушыға) тиесілі техногендік минералдық түзілімдерді қоймалау (сақтау) объектісінде меншік құқығы мемлекетке тиесілі техногендік минералдық түзілімдер орналасқан болса, ұйымдар (жер қойнауын пайдаланушылар) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлу балансын Төлқұжатқа қоса береді.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Техногендік минералдық түзілімдердің
мемлекеттік кадастрын жүргізу
қағидаларына
1-қосымша»;