(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨМІРЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ БЮДЖЕТ...

2019-2021 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 21/239 шешімі

(2019.27.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 24/263 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. 2019-2021 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті тиісінше 1 қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 237 354 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 108 360 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 137 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша - 128 857 мың теңге;

2) шығындар - 251 986,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 14 632,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 14 632,3 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 14632,3 мың теңге.

Ауыл бюджетінде қалалық бюджеттен субвенция ретінде трансферттер қарастырылғаны ескерілсін: 2019 жылы - 127 374 мың теңге, 2020 жылы - 68 304 мың теңге, 2021 жылы - 66 298 мың теңге;

2019 жылға арналған Өмірзақ ауылының бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерде қарастырылғаны ескерілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.