«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 15 бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 172 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы № 15 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабының 4-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 172 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж. Каленова) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін оны күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына және жетекшілік ететін Ғылым және жоғары білім вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

С. Нұрбек

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

2023 жылғы 29 желтоқсан

№ 005-ДБ/55560

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

2024 жылғы 9 қаңтар

№ 05-11/36

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім

министрінің

2024 жылғы 11 қаңтардағы

№ 15 бұйрығына қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Ғылым және жоғары білім

министрінің

2023 жылғы 20 сәуірдегі

№ 172 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.