Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 76 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасы қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы»;
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларына осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.