6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруге қолданылмайды.
19-бап. Тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
1. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлардың заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыруы кезінде:
1) заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізу үшін келген адамдарды:
тексерілетін субъектіге заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулы бермеген;
құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік органда тіркеу міндетті болатын кезде мұндай тіркеусіз заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізген;
осы Конституциялық заңның 18-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен;
заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілмеген адамдар заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізген;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кезде мемлекеттік құпияларға жіберу туралы рұқсатты растайтын құжат болмаған жағдайларда объектіге кіргізбеуге;
жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру нысанасына немесе заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілген кезеңге қатысы жоқ;
мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтермен және құжаттармен танысуға құқық беретін тиісті рұқсат немесе құжат болмаған кезде осындай мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауға;
3) заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулыға, сондай-ақ прокуратура органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлардың заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізуі кезінде:
1) прокуратура органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.
Прокуратура органдарының лауазымды адамдарының режимдік объектілердің аумағына және үй-жайларына кіруі тексерілетін ұйымда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер туралы талаптар ескеріле отырып қамтамасыз етіледі;
2) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, прокуратура органдарының лауазымды адамдарына заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
3) заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулымен және оның нәтижелері туралы анықтамамен танысуға және оларды қол қойып алуға;
4) заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын адамдар үшін қажетті жағдайларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге міндетті.
20-бап. Заңдылықтың жай-күйін талдау
Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармай, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының статистикалық деректерін, мәліметтерін, азаматтық және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі.
Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері бойынша осы Конституциялық заңға сәйкес прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады.
Прокурор мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардан заңдылықтың жай-күйін талдауды жүргізуге байланысты ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды талап етіп алдыруға құқылы.
21-бап. Күшіне енген актілерді бағалау
1. Прокуратура күшіне енген актілерді бағалауды:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерін;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін, егер бұл актілер мен шешімдер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға қарай өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, адамдардың шектелмеген тобына, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша инвесторларға қатысты болса не жария сипатқа ие болса;
3) сот (судья) үкімдерін, шешімдерін, қаулыларын және өзге де актілерін, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді зерделеу арқылы жүргізеді.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін бағалау Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
22-бап. Сотта мемлекет мүддесін білдіру
1. Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүддесін білдіреді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Прокуратура органдары, егер құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамның және азаматтың құқықтарын, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы мәселелер бойынша инвесторларды қорғау осыны талап етсе, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінуге құқылы.
3. Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат келтіру негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында айқындалады.
Прокуратура Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
1. Прокуратура органдары жолданымдарды:
1) егер олар физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, адамның және азаматтың, кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;
2) адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді болғызбау мақсатында;
5) жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша;
6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;
7) Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша қарайды.
2023.12.07. № 22-VIІІ ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы мен оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары жолданымдарды осы Конституциялық заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген құзырет шеңберінде қарайды.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданымды қарау мерзімі ол прокуратура органдарына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
4. Жолданымды дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, мекемелерден, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан ақпарат алу қажет болған жағдайларда жолданымды қарау мерзімі прокуратура органы басшысының не оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
Жолданым бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру тағайындалған жағдайда қарау мерзімдері оны жүргізу мерзімі ескеріле отырып айқындалады. Жолданым иесіне аралық жауап жіберіледі. Түпкілікті жауап жолданым иесіне тексеру нәтижелері бойынша ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабарланады.
5. Жолданымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жолданым иесіне мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
6. Иесі бүркемеленген жолданымда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатер туралы мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда, мұндай жолданымдар прокуратура органдарында қаралуға жатпайды.
7. Жолданымға берілетін жауап жолданым иесіне оның қабылданған шешімге шағым беру құқығы түсіндіріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасалып, мемлекеттік тілде немесе жолданым берілген тілде мазмұны жағынан негізделген және уәжделген болуға тиіс.
8. Егер қайта берілген жолданымдарда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілмесе, ал алдыңғы жолданымның материалдары бойынша жолданым иесіне белгіленген тәртіппен жауаптар берілсе, жолданымдарды қарау тоқтатылады.
2023.12.07. № 22-VIІІ ҚР Конституциялық Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Осы баптың талаптары қаралу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында белгіленген жолданымдарға қолданылмайды.
25-бап. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне және прокуратура органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотқа дейін реттеу
1. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне не прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым шешімнің, актінің қабылданғаны немесе әрекеттің жасалғаны (әрекетсіздік) туралы адамға белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей прокуратура органдарына беріледі және оны жоғары тұрған прокурор қарайды.
Шағымды қарау мерзімі жиырма жұмыс күнін құрайды.
Шағым жасау мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, шағымды қарайтын прокуратура органы мерзімді шағым берген адамның өтінішхаты бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалпына келтіруі мүмкін.
2. Шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарау нәтижелері прокурордың шешіміне, актісіне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасау үшін негіз болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағының талаптары қаралу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларындағы заңнамасында белгіленген шағымдарға қолданылмайды.
2023.12.07. № 22-VIІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы баптың талаптары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген шағымдарға қолданылмайды.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 25-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
25-1-бап. Инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу
1. Инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу (бұдан әрі - инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу) үшін прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы Бас прокурор айқындайтын тәртіппен Дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын (бұдан әрі - Комиссия) құруға құқылы.
Дауларды реттеу рәсіміне қатысу ерікті болады және сотқа жүгіну құқығын шектемейді.
2. Инвестордың инвестициялық қызметке байланысты дауды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші инвесторға өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған немесе белгілі болуы тиіс күннен бастап үш айдан кешіктірілмей прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі.
3. Мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарының, инвестициялық прокурорлардың инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өтерден кемінде бір ай бұрын прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі.
Жолданым көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайда прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы жолданымды қарауға қабылдаудан бас тартуға құқылы.
4. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды шығарады.
Заңдылықтың бұзылғаны анықталған кезде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды негізінде прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін шығаруға құқылы.
5. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
26-бап. Прокурор қызметінің құқықтық кепілдіктері
1. Прокурорға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтіру немесе оған заңсыз шешім қабылдату мақсатында қандай да бір нысанда ықпал ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
2. Прокурордың жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау, қаралатын жолданымдар және өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберіндегі талаптары мен сұрау салулары жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың, мекемелердің, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті.
3. Жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және қаралатын жолданымдар мәселелері бойынша мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар прокурордың талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге белгіленген талаптарды сақтай отырып, прокурор белгілеген, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды беруге міндетті.
Прокурор мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Адам өмірі, денсаулығы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері, инвесторлар құқықтарының қорғалуы, қоғам мен мемлекет мүдделері үшін орны толмас зардапты, заңдылық пен құқықтық тәртіптің жаппай бұзылуын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерді болғызбау мақсатында сұратылатын ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдар дереу беріледі.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Прокурордың талап етуі бойынша органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тексеруге, қорытынды беруге қатысу үшін ғалымдар, сарапшылар, мамандар бөлуге міндетті.
6. Прокурор өзінің іс жүргізуіндегі материалдардың, актілердің, сот істерінің және жолданымдардың мәні бойынша қандай да бір түсініктеме бермейді. Материалдарды танысу үшін біреуге ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Іс жүргізуінде жатқан прокурордың рұқсатынсыз заңдылықтың сақталуын тексеру мен істердің материалдарын жария етуге ешкімнің құқығы жоқ.
7. Жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, күшіне енген актілерді бағалау, қаралатын жолданымдар шеңберінде прокурордың талап етуі бойынша өзі белгілеген уақытта жеке және лауазымды адамдар, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардың өзге де өкілдері түсініктемелер беру үшін келуге міндетті.
8. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, дағдарыстық ахуал немесе осындай жағдайлар кезінде алдын алу мүмкін болмайтын мән-жайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, прокуратура органдарына шақыру уақтылы келу үшін жеткілікті мерзімдерде хабарлама (хабархат) жіберу арқылы жүргізіледі.
9. Хабарлама (хабархат) телефонограммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық пошта мекенжайы бойынша мәтіндік хабармен, телеграммамен немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
10. Шақырылған адам шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін себептер туралы шақырған прокурорды алдын ала хабардар етуге міндетті.
2023.12.07. № 22-VIІІ ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді
11. Жеке және лауазымды адамдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мекемелердің және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың өзге де өкілдері дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы, прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы мен оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдары басшыларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокурорлардың, олардың орынбасарларының, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокурорлардың, олардың орынбасарларының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.
12. Прокурордың күштеп әкелу (мәжбүрлеп жеткізу) туралы қаулысын ішкі істер органы орындайды.
13. Күштеп әкелу (мәжбүрлеп жеткізу) түнгі уақытта жүргізілмейді.
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 14-тармақ өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, ал он сегіз жасқа толмаған адамдар олардың заңды өкілі хабардар етілмей, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиіс денсаулық жағдайына байланысты өзінің болатын орнын тастап кете алмайтын немесе тастап кетпеуге тиісті адамдар күштеп әкелінуге жатпайды.
15. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талап етуі бойынша дәлелсіз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
27-бап. Прокуратура органдарының жауапкершілігі
1. Прокурорлар өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Прокурорлардың және өзге де жұмыскерлердің әрекеттерімен келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеледі.
4-тарау. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНДАҒЫ АЛҚАЛАР. НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
28-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру
1. Құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді прокуратура органдары осы органдардың өзара іс-қимылын, өзара ақпарат алмасуды және ортақ міндеттерді іске асыру кезінде олардың іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетілген қызметті Бас прокуратураның, бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңестерінің шеңберінде жүзеге асырады.
2. Үйлестіру кеңестерінің шешімдерін қатысушы мемлекеттік органдар бірлескен, ведомстволық құқықтық актілер шығару және (немесе) тиісті іс-шараларды жүзеге асыру арқылы іске асырады.
3. Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
29-бап. Прокуратураның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимылы
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 23 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, инвесторлардың, қоғам мен мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерін қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура:
1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, мекемелермен, олардың лауазымды адамдарымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдармен;
2) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді.