Суаратын суды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 мамырдағы № 101-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Суаратын суды пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.