«Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 125 шешімі

Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 125 шешімі

 

Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ақтөбе облыстық мәслихаттың «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 235 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3306 тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.