«Білім беру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 277 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 154 бұйрығымен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10073 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Жоғары оқу орнының есебі» (коды 621112003, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Жоғары оқу орнының есебі» (коды 621112003, индексі 3-НК, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;