«Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 543 шешімі

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 543 шешімі

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 503 «2020-2022 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 санымен тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақшадағы:

кірістер: «92 834 981» сандары «87 208 776,8» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

салықтық түсімдер: «42 959 516» сандары «40 203 786,8» сандарымен ауыстырылсын;

салықтық емес түсімдер: «278 484» сандары «241 343,0» сандарымен ауыстырылсын;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер: «5 400 000» сандары «5 270 000,0» сандарымен ауыстырылсын;

трансферттер түсімі: «44 196 981» сандары «41 493 647,0» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы:

шығындар: «83 834 981» сандары «88 849 490,7» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы:

бюджет тапшылығы (профицитi): «9 000 000» сандары «- 1 640 713,9» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы:

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану): «- 9 000 000» сандары «1 640 713,9» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

қарыздар түсімі: «0» саны «7 000 000,0» сандарымен ауыстырылсын;

қарыздарды өтеу: «9 000 000» сандары «9 000 000,1» сандарымен ауыстырылсын;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары: «0» саны «3 640 714,0» сандарымен ауыстырылсын.

2. Көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.