«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану - ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 26 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларында мынадай өзгерістер енгізілсін:
47-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасы және оның инфрақұрылымы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын): туристік соқпақтарды, тамашалау алаңдарын, дем алу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақ үйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдақ тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды орналастыру орындары.»;