«Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 611 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 тамыздағы № 425 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13905 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары:
мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 және 25-3-тармақпен толықтырылсын:
«25-1 «Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс мүлкін сақтаудың шекті мерзімі өткенге дейін аккредиттелген зертханаларда сынақтан өтеді».
25-2 Аккредиттелген зертханаларда мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс мүлкіне сынақ жүргізу мерзімдері (кезеңділігі) осы Қағидаларға 2-1 - қосымшада айқындалған.
25-3 Аккредиттелген зертхананың қорытындысы азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығаруға немесе сақтау мерзімін ұзартуға негіз болып табылады.».
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қағидаларға 2-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;