«Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-168/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 4 тамыздағы № 87 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-168/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның қызметі туралы ереже бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияны қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;